10
ақпан
2020
Кенен Әзірбаев музейіне саяхат
Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінің 7 а сынып оқушылары А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру үшін туған өлкеміздегі ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысу мақсатында К.Әзіраевтың әдеби мемориалдық мұражайына «Өлкетану » курсының мұғалімі А.Ағыбаевтың ұйымдастыруымен саяхат жасап қайтты. Мұражай қызметкерлері халық ақыны, сазгер К.Әзірбаев (1884-1971)өмірі, туған жері Мәтібұлақ туралы қызықты ақпарат беріп,қолданған заттарымен таныстырды. Оқушылар ақынның шығармашылығы туралы мұражайдағы жәдігерлерді өз көзімен көріп, К.Әзірбаев – Жетісудың ғана емес, бүкіл қазақтың ақындық – жыршылық дәстүрін игерген ақын екендігі туралы біліп қайтты. Мұражайға саяхат оқушылардың туған өлке тарихына деген сүйіспеншілігін оятып, өлкедегі тарихи тұлғалар өміріне деген қызығушылығын арттырды




