13
ақпан
2020
Абай Құнанбаев
Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі «Балапан» шағын орталығында ақпан айының 13 жұлдызында «Абай біздің бабамыз және Абайдың өлеңдері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты тәрбиеленушілердің Абай Құнанбаев туралы түсініктерін кеңейту, ақынның жыл мезгілдеріне арналған өлең-жырларын дұрыс түсіне білуге, бір – бірінен ерекшеліктерін айыра білуге баулу. Тәрбиеленушілер Абай Құнанбаев жыл мезгілдері туралы өлеңдерін жатқа айтты. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті.


