20
тамыз
2024
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Саттар Естемесов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос тұрған бастауыш пәнінің мұғалімі орнына конкурс жариялайды.
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
1.«Бастауыш пәнінің мұғалімі» (үйде оқыту) уақытша 8 сағат
2. Лауазымдық жалақысы: 120000- 1250000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
3. Конкурсты өткізу мерзімі: 06.09.2024 жылы сағат 10:00
4. Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Саттар Естемесов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
5. Мекеменің мекен-жайы: Көкқайнар ауылы, К.Құрманқұл көшесі 35, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Саттар Естемесов атындағы орта мектебі» КММ. Анықтама байланыс телефоны: 8(72636)4—25—63
Біліктілік талаптары:
Жоғары білімі (педагогикалық)
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8.) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің педагог-модератор біліктілік санатының болуы туралы куәлік (міндетті түрде).
10) Бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20.08.2024-06.09.2024 жж. аралығы