Саттар Естемесов атындағы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылының 3-ші қазаннан 28-ші қазан аралығында бастауыш сыныптар бірлестігінің «Бала шақтан-болашаққа» деген тақырыпта айлығы болып өтті. » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Саттар Естемесов атындағы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылының 3-ші қазаннан 28-ші қазан аралығында бастауыш сыныптар бірлестігінің «Бала шақтан-болашаққа» деген тақырыпта айлығы болып өтті.
28
қазан
2022

Саттар Естемесов атындағы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылының 3-ші қазаннан 28-ші қазан аралығында бастауыш сыныптар бірлестігінің «Бала шақтан-болашаққа» деген тақырыпта айлығы болып өтті.

Саттар Естемесов атындағы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылының 3-ші қазаннан 28-ші қазан аралығында  бастауыш сыныптар бірлестігінің  «Бала шақтан-болашаққа» деген тақырыпта айлығы болып өтті.
Ал негізгі бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің тақырыбы:
«Бастауыш сыныпта оқытудың белсенді әдістері»
Мақсаты:  Білім алушыларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу   негізінде оқытудың  белсенді әдістерін тиімді қолдана  отырып білім беру.
Осы тақырып пен мақсатқа құрылған жоспары бойынша бастауыш сынып мұғалімдері ашық  сабақтар ,сабақтан тыс сабақтарын  және оқушылар арасында олимпиядалар, ән,сурет байқауын  ұйымдастыруға заман талабына сай  жол таба  білді.
Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа  инновациялық  технологиялардың әдіс - тәсілдерін шебер қолдана білді. Әсіресе  бағалаудың  ерекше  жаңа әдістерін  пайдалана отырып, оқушылардың қабілетіне сай  іс-әрекет  жасауына  жағдай  жасалды. Оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі  формалары: ұжымдық,  топтық,  жұптық  жұмыс  түрлерін кеңінен  пайдаланды. Заман  талабына сай  ақпараттық  технологияны  пайдалану мақсатында  интерактивті тақтамен өткізді.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім. Жас жеткіншектерді шығармашылық  және танымдылық қабілеттерін арттыру мақсатында сыныптар  арасында  өткізген сыныптан тыс «Алтын күз» сурет байқуы, «Балдәурен » ән байқаулары да жоғары дәрежеде өтті.