«Болашаққа бастар жол!» атты соңғы қоңырау мерекесі өтті. » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Болашаққа бастар жол!» атты соңғы қоңырау мерекесі өтті.
01
маусым
2023

«Болашаққа бастар жол!» атты соңғы қоңырау мерекесі өтті.

Шу ауданы білім бөлімінің, Саттар Естемесов атындағы орта мектебінде  1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар келген  2022-2023 оқу жылының аяқталуына байланысты «Болашаққа бастар жол!» атты соңғы қоңырау мерекесі өтті. 
Салтанатты шараның шымылдығы еліміздің Әнұранымен ашылды. Одан кейін мектеп директоры Елдар Абдикеримов  оқушылар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге ақ тілегін жеткізді.
Шара барысында мектеп директоры биылғы оқу жылында ғылыми жарыстарға, спорттық шараларға, сондай-ақ, аудандық, облысытық іс-шараларға қатысқан ұстаздар мен оқушыларға дипломдар мен Алғыс хаттар тапсырды.
Алтын ұя мектептеріне 20 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектеріміз келіп,ұстаздарына алғыс айтып құрмет көрсетті.