02
қыркүйек
2017
Рухани Жаңғыру орталығы
Көкқайнар
Сен дегенде туған жерім,Көкқайнар.
Жас жанымды толқытады тәтті ойлар.
Жүйрік қиял әлем үстін шараласа,
Оралып кеп қазығымсың ат байлар.
Шығысыңнан Қақпатастың желі есіп,
Жапырақтар сыбдырласқан кеңесіп.
Тау біткенің биігісің мен үшін,
Басқа жанға болсаңда жәй төбешік.
Саған орын тимесе де қатардан,
Сенің қара топырағыңнан нәр табам.
Аңсап келіп бұлағыңнан бір жұтсам,
Жылдап жинаған сағынышым тарқаған.
Қызықтырып алдыма
әкеп тіз мейлің,
Көзім қиып бір гүлдің үзбеймін.
Алыс жүріп аңсағанда өзіңді,
Жүрегімнің қақ төрінен іздеймін.
Сен дегенде туған жерім Көкқайнар,
Көкірегімде ұшқындайды
отты ойлар.
Тұрағымсың қайда жүрсем оралып,
Алтын діңгек – қазағымсың ат байлар.
Менің сырым болды өзіңе
әйгілі,
Бүршік жарды
көктем гүлі,май гүлі.
Маған деген махабатты бар болса,
Сәулем енді бүр ашады қай күні.
Құрманқұл Кішібаев
