15
мамыр
2020
Бала құқығын қорғау
Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінің 8-11 сынып оқушыларына қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша «Менің құқықтарым» атты сабақ өткізілді. Қазақстан Республикасындағы баланың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы жадынамалар, парақшалар және бейнероликтер WhatsApp желісі арқылы таратылды. Мемлекетімізде бала құқығын қорғауда әртүрлі жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы ескертілді.







