Оқушыларға » Страница 2 » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
9-сынып бітірушілері мен 11сынып бітірушілеріне аттестат тапсыру салтанатты жиыны өткізілді
14
маусым
2021
9-сынып бітірушілері мен 11сынып бітірушілеріне аттестат тапсыру
0 14.06.2021 жылы, Шу ауданы білім бөлімінің, Саттар Естемесов   атындағы орта мектебінде 9-сынып бітірушілеріне негізгі орта білім туралы аттестат алу және 11сынып бітірушілеріне аттестат тапсыру салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиында мектеп директоры  Е.Абдикеримов  жас түлектер мен олардың ата-аналарына өз тілегін білдірді. Мектеп түлектері атынан  Момбек Толғанай мен Бектеналы Ақиқат  сөз сөйлеп, барша білім берген ұстаздарына алғысын білдіріп, мектеп бітіруші құрбыларына сәт сапар
«ТАРЛАН»
29
наурыз
2021
«ТАРЛАН»
2021жылдың наурыз айының 13-16 күндер аралығында Шу қаласындағы «ТАРЛАН» ДСК-да өткен жасөспірімдер арасындағы Ұлы Отан Соғысының ардагері Көшербайұлы Әбди мен Ілебайқызы Ақжарқынды еске алуға арналған облыстық ашық бокс бөлімінің турниріне Жамбыл облысы Шу ауданы Көкқайнар ауылы Саттар Естемесов атындағы орта мектебінің 2011жылғы 4-сынып оқушысы Әлжан Жоламан Есенгелдіұлы қатыстырылып 22кг салмақ дәрежесінде  I орынға ие болып марапатталды.     Бокс жаттықтырушысы д/ш пәнінің мұғалімі
"Бұрымды қыз"
15
наурыз
2021
"Бұрымды қыз"
Саттар Естемесов атындағы орта мектебінде 5-10 сынып аралығында "Жас Ұлан " мүшелерінің қатысуымен, "Бұрымды қыз"  атты шаш өруден қашықтықтан байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты: Қыздарды имандылыққа, әдептілікке баулу. Қыздар белсене атсалысты.  9 сынып "Жас Ұлан " мүшелері Ерен Лаура, Қожан Аяжан, 6 сынып оқушысы Байрақ Мадина, 5 сынып оқушысы Әбдібек Мерей атты қыздарымыз шаштарын түрлі өріммен өріп көрсетті. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=774041190203217&id=100027920288843
"Туған жерім менің-Қазақстан"
03
наурыз
2021
"Туған жерім менің-Қазақстан"
Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінің оқушылары  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген "Туған жерім менің-Қазақстан"қашықтықтан республикалық байқауында  "Мәнерлеп оқу","Сурет" номинациялары бойынша бас жүлде, 1,2,3 дәрежелідипломдармен марапатталды.Сынып жетекшілері Жумадилова Құндыз, Құдагелдиева Гүлмира,Рахиева Салтанат дипломдарға ие болды. 
Мұқағали-Мәңгілік ғұмыр"
01
наурыз
2021
Мұқағали-Мәңгілік ғұмыр"
Саттар Естемесов атындағы орта мектебі "Мұқағали-Мәңгілік ғұмыр" атты Республикалық ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан 0-11 сыныптар арасында өткен сайыстың жеңімпазы 1 "Ә" сынып оқушысы Ахмет Алима Рустамқызы. Жетекшісі: Шильдебаева Н.А. https://m.facebook.com/story.p hp?story_fbid=765341807739822&id=100027920288843
"Жас Ұлан" ұйымына 10 жыл
27
ақпан
2021
"Жас Ұлан" ұйымына 10 жыл
​https://www.facebook.com/100027920288843/videos/745809456359724/​​​
1 ә сынып оқушыларының жетістігі
25
ақпан
2021
1 ә сынып оқушыларының жетістігі
Саттар Естемесов атындағы орта мектебі "Қысқы ертегілер"тақырыбы бойынша  республикалық байқауында 1 ә сынып оқушылары Момбек Аяла, Бекбосын Жігер, Төребек Жұлдыз, Мұхаметжан Айсана, Ұланбақыт Алихан, Абаев Айтуар. І-дәрежелі дипломдармен марапатталды.
1 ә сынып оқушыларының жетістігі
25
ақпан
2021
1 ә сынып оқушыларының жетістігі
Саттар Естемесов атындағы орта мектебі Daryn.online білім беру платформасында функционалдық сауаттылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған республикалық олимпиаданың математика пәні бойынша 1 ә сынып оқушылары Момбек Аяла, Бекбосын Жігер, Ұланбақыт Алихан, Абаев Айтуар, Бектұрған Нұрайдар, Жамеледен Мансұр қатысып,  І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
"Мамандық таңдауда ата-ананың ықпалы"
25
ақпан
2021
"Мамандық таңдауда ата-ананың ықпалы"
Саттар Естемесов орта мектебінде 11сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді.Ата-аналарға"Мамандық таңдауда ата-ананың ықпалы"тақырыбында дәріс оқылды. Ата-аналарға  оқушылардың тәртіп ережелерін сақтауын үнемі қадағалап отыруы тапсырылды.
4 ә сынып оқушыларының жетістігі
24
ақпан
2021
4 ә сынып оқушыларының жетістігі
Саттар Естемесов атындағы орта мектебінің 4 «ә» сынып оқушылары «kazrio.kz –жас өркен» білім мен қабілетті дамыту  орталығы қолдауымен ұйымдастырылған жалпы Республикалық  байқауға қатысып  «Қазақтың қара өлеңі» атты шығармашылық байқауында Рысбек Жарқын ІІ дәрежелі дипломмен, Сатыбалды Нұрила ІІ дәрежелі дипломмен  марапатталды. Сынып жетекшісі Г.Құдагелдиева Алғыс хатпен марапатталды.