Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
28
қаңтар
2019

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі


 

 

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамаққұрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді, деп хабарладыАлматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз қызметі.

Дұрыс тамақтану ережелері:
· тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.
· тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.
· таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді.

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.
2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.
4. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
5. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.

Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.

Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спорт пен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаныжас, белсенді болып жүруіңізге болады. Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қант диабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдын алу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқөа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет. Диетологтар күніне 4 мезгіл тамақтанған дұрыс деп ойлайды.Таңғы ас, түскі ас, түстен кейінгі ас пен кешкі астың арасы 4-5 сағаттан болу керек.Дұрыс тамақтану диетасы бойынша, асты күнделікті белгілі бір уақытта ғана ішу керек. Таңғы ас тәуліктік мөлшердің 25%-ын, түскі ас-50%-ын, түстен кейінгі ас-10%-ын, кешкі ас-15%-ын құрау қажет, кешкі асты ұйықтардан 2 сағат бұрын ішу керек. Қолданған калория саны шығындаған калорияның орнын толтыру керек. Ол жасқа, жынысқа, жеке физиологиялық ерекшелікке, өмір салтына, еңбек түріне байланысты. Ас ағзаның аминоқышқыл, полиқанықпаған май қышқылы, дәрумен, микроэлемент, минералды зат, суға қажеттігін толтырып отыру керек.Пирамида бойынша ас үлесi шамамен келесiдей болады: пирамиданың негiзiнiң 40%- әр түрлi дәндi-дақылдардан тұрады: қарақұмық, күрiш, сұлы, iрi тартылған ұннан жасалған нан, макарон, картоп. Пирамиданың келесi көтерiлiмiнiң 35 % жемiс – жидектер. Әрi қарай тағамның ақуыз тобы, ол 20% құрайды: сүт, айран, iрiмшiк, йогурт, тауық, балық, ет, соя тағамдары. Пирамиданың ұшындағы 5 % – майлардың барлық түрлерi, қант, кондитер тағамдары, балмұздақ т.б. құрайды. Дәл осындай тағамдық қатынас үлестерiн дұрыс тамақтануға жатқызады. Дене жүктемесінен кейін, ауыр жұмыстан соң, қатты жаурап қалғанда немесе ыстықтап тұрғанда, эмоция көтеріліп тұрғанда бірден тамақтануға болмайды, жарты сағат күте тұру керек.Ас алдында салат түрінде немесе бүтіндей шикі жеміс-жидек, көкөніс жеу керек.Аш қарынға түскен жеміс-жидек, көкөніс ас қорыту бездерінің, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартып, ішек микрофлорасын қалыпқа келтіреді. Әсіресе алма, қырыққабат, сәбіз, қияр, қызанақ, тәтті бұрыш пайдалы. Шикі жеміс-жидек, көкөністі термикалық өңдеуден өткен тағаммен бірге қолдануға болмайды, әйтпесе ішекте ашып, шіріп кету процесіне ұшырауы мүмкін. Өте суық немесе өте ыстық тамақ немесе сусын ішпеңіз.Оларды бір мезгілде бірге қолдануға да болмайды. Тамақтанған соң біраз демалған жөн. Тамақтану мен жұмыстығ аралығы 15-30 минуттай болу керек, ал спортпен айналысаңыз бір сағаттай болсын. Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спортпен шұғылдану, күйзеліспен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаны жас, белсенді болып жүруіңізге болады.

 

                                        

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі