«Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі,дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі» » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі,дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі»
23
қараша
2018

«Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі,дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы 2018 жылғы 23 қараша күні Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық білім беру ұйымдарында білім алушылардың,педагогтардың және ата-аналардың қатысуымен адамның рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға бағытталған іс –шараларды ұйымдастыру хатына байланысты Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінде жоспар

жасалып, іс-шаралар өткізілді. «Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі,дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Оқушыларымен осы тақырыпқа мектеп психологі А.Секербекова мен әлеуметтік

педагог А.Қожахметова«Шаттық шеңберін» ұйымдастырды.Бастауыш сыныптарда тақырыптық әңгіме жүргізілді. Қазақ тілі пәні мұғалімдері А.Биғазиева мен А.Ағыбаева «Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі,дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі» тақырыбында шығарма байқауын өткізді. Шығармаға 20 оқушы қатысты.Көркем еңбек пәні мұғалімі Г.Батчаевасурет байқауын өткізді. Онда білім алушылар өз Отанына,туған жерге,ата-анасына,досына деген сүйіспеншіліктерін айшықтайтын суреттер салды. «Жүрек қуанышы» тақырыбында білім алушылардың қолынан шыққан жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды.Кітапханашы К.Исатаева «Сүйіспеншілік-әр жүректе!» атты кітап көрмесін жасап,білім алушыларды таныстырды. Мектеп психологі А.Секербекова

« Үлгі болу-қызмет етудің ең тиімді жолы» тақырыбында ұстаздармен тимбилдинг өткізді.«Жалпыадамзаттық құндылықтар-тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеудің негізі» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыдықова сынып жетекшілермен семинар өткізді. «Балалықтың бал шағы» тақырыбында концерттік бағдарлама мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.Өзін-өзі тану пәні мұғалімдері Ш.Ускенбаева мен С.Кішібаев

«Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасы» тақырыбында ата-аналармен бірлескен ашық сабақ өткізді.Оқушыларға «Сүйіспеншілік –әр жүректе» тақырыбында бейнероликтер көрсетіліп,талдау жұмысы жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 
 

Похожие публикации:

15 наурыз 2018 Наурыз
07 наурыз 2018 8 НАУРЫЗ