8 НАУРЫЗ » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
наурыз
2018

8 НАУРЫЗ

«8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай іс-шаралар жоспарланып өткізілді.1-2сынып жетекшілері Жұмаділова Қ,Құдагелдиева Г, Бөрімбекова Ж, Асқар А . «Ана-өмір бастауы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушыларға ананы құрметтеу,сыйлау және қадірлеу туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. 2 наурыз күні 3-4 сынып жетекшілері Абдибаева Г,Досқараева Б, Тоқташбаева Ш, Алипбаева А. «Әйел-отбасының шырағы» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарында әйел адамның өмірдегі орны туралы бейнебаян көрсетілді. Адамзат баласының әйелді құрметтеуі,әрбір отбасындағы әйелдің орны туралы айтылды. Оқушылар өз ойларымен бөлісті

.5наурыз күні сынып жетекшілер  Ағыбаева А,Байшығашева М, Әлібай М. «Әйел-шаңырақтың киесі» тақырыбында ауылдағы батыр аналармен кездесу ұйымдастырды. 5 наурыз күні «Ақ сүт беріп,аялаған аналар! тақырыбында , сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді.5-7 сынып қыздары арасында «Ал ,қанекей қыздар»» байқауы өтті.
6 наурыз күні тарих пәні мұғалімі Акилова Н « Қазақстан тарихындағы аса көрнекті әйелдер,батыр замандастар» тақырыбында сабақ өткізді.Аналар күніне арнап қабырға газеттер шығарылды. Мектептегі ұлдардың қатысуымен «Аналар-асыл жандар» атты концерт қойылды.6 наурыз күні 8-10 сынып қыздары арасында «Наурыз аруы» байқауы өткізілді.


 

 
8 НАУРЫЗ
 
 

Похожие публикации:

15 наурыз 2018 Наурыз күйі
15 наурыз 2018 Наурыз
07 наурыз 2018 8 НАУРЫЗ