Наурыз » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
наурыз
2018

Наурыз

15 наурыз күні «Наурыз – бірлік пен ізгіліктің мерекесі» тақырыбында Наурыз мейрамын мерекелеуге орай іс-шаралары жоспарланып , өткізілді . Мектеп алаңында 1-11 сынып оқушылары «Қара жорға» биіне флешмоб биледі. Көркемөнерпаздар жетекшісі Нұрғали М  ұйымдастыруымен домбыра ансамблі мүшелері « Наурыз» күйін орындады. 1-4 сынып оқушыларына дене шынықтыру пән мұғалімдері Амиров Т, Рахиева С, Малибекова Г ұлттық ойындар мен «Ханталапай» ойынынын ойнатты.8-11 сынып оқушыларының қол өнерлерінен техналогия пәні мұғалімдері Байгебаева А, Батчаева Г «Атадан қалған ұлы мұра» тақырыбындаатадан қалған мұралармен таныстырып,көрмесін ұйымдастырды. Мектептегі «Абай әлеміне саяхат клубы» мүшелерінің қатысуымен «Аталар сөзі- ақылдың көзі»тақырыбында мақал-мәтелдер сайысын Биғазиева А өткізді. «Көрікті көктем- Наурыз!» тақырыбында Бейсенбаева Ж сурет көрмесін ұйымдастырды . «Жас Ұлан» ұйым мүшелері ауылдағы еңбек ардагерлеріЗ.Момышева мен К.Сырлыбаевтың үйіне көмек көрсетті. Мектеп оқушылары мен мұғалімдер ұжымы мектеп ауласын тазартып, 50 түп жеміс ағаштары егілді.


 

Похожие публикации:

15 наурыз 2018 Наурыз күйі
07 наурыз 2018 8 НАУРЫЗ
07 наурыз 2018 8 НАУРЫЗ