Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы! » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
мамыр
2018

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы!

Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінде15.05.2018 жылы «Білімді ұлт-білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.Жиналысқа 108 ата-аналар қатысты.Жиналысқа Шу ауданыдық білім бөлімі әдіскері А.Карбаева , Көкқайнар ауылдық округі әкімі Н.Шимашев және«Қамқоршылық»кеңес мүшелері қатысты.Жиналыста мектеп директоры Е.Абдикеримов «Жыл табысы» республикасының,өңірдің,мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері», ДТІЖО Сыдықова Ж «Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру», М.Байшығашева «11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары» , әлеуметтік педагогК.Бағызбаева «Мектептегі қорғаншылық,қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту», психолог Секербекова А «Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту »,информатика пәні мұғаліміМ.Байшығашева М «Оқу процесін цифрландыру» мәселелері қаралды. Ата-аналарға бейнероликтер көрсетіліп,түсіндіру жұмыстары жүргізілді.