06
қараша
2019
Адалдық сағаты
6 қараша күні Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінде 1- 11 сыныптар аралығында бірыңғай жалпы республикалық «Адалдық сағаттары» өткізілді. Жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық , әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басты назарда ұсталды. Оқушылар өзара осы тақырыпта пікір алмасты. Адам бойындағы адамгершілік құндылықтар туралы түсінді, өз ойларын ашық айтты. Адалдық сағаттарына ата – аналар, ауыл ақсақалдар алқасы мүшелері қатысты.



