"Ашық есік" күні » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
ақпан
2020

"Ашық есік" күні

Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты  орта мектебінде ағымдағы   жылдың 18- ақпаны  күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, ата-ана комитетінің төрағасы, медбике бірлесе отырып мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы бойынша «Ашық есік күні» ұйымдастылырылды.
Іс-шараның мақсаты: аз қамтылған, көп балалы, жетім, ата-ана қамқорынсыз қалған және 1 сынып оқушыларының бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуы, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, асхананың санитарлық – гигиеналық  жағдайын тексеру.
Мектеп бойынша 29 аз қамтылған оқушы және 1 сыныптан 33 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуда.

Тегін ыстық тамақпен қамту жұмысына жауапты ДТІЖО Ж.Сыдықова, әлеуметтік педагог К.Бағызбаева, медбике Р.Ахметова, ата-ана комитетінің төрағасы Е.Әбдіқалықов ата-аналармен  мектеп асхана ішін аралап, онда жалпы асхана жұмысы, балалардың тамақтануы мен олардың санитарлық-гигиеналық ережені сақтауы, дайындалған ас мәзірінің сапасы, мөлшерінің нормаға сәйкестігі, қол жуатын орнымен таныстырды.

Балаларға сол күнгі ас мәзіріне сәйкес тағамдар дайындалып берілді.Тәуліктік сынама алынған, тоңазытқышта сақталған. Оқушылардың қол жуатын жерінде сабын қойылған. Асханадағы балаларға ыстық тамақтануды ұйымдастыру жұмысы жақсы дейгейде. Мектеп әкімшілігі өз уақытында кезекшіліктерін атқарады. Ыстық тамақты сапалы, дұрыс ұйымдастыру жұмысы өз жұмысын әрі қарай жалғастырады.

 

 

"Ашық есік" күні