Ата-аналар жиналысы » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
тамыз
2018

Ата-аналар жиналысы

Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінде 28 тамыз күні ата-аналармен жиналыстар, кездесулер және пікірлесулер ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп директоры Е.Абдикеримов 2018-2019 оқу жылында мектептерде электронды күнделік болатынын баяндап, ата-аналар балаларының қандай баға алғандығын үйден бақылап көріп отыруына мұғаліммен жақын қарым -қатынаста болатындығын түсіндіріп өтті .Заң жүзінде мектеп директоры мен ата-ана арасында келісімшарт болатындығын хабарлады. 2018-2019 оқу жылындағы өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ата-аналардың әр түрлі сұрақтарына жауаптар берді.Ата-аналарға «Мектеп формасының біріңғай стандарттарының сақталуы» туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Сыдықова түсіндіру жұмысын жүргізді.Мектепте оқушылардың бірыңғай мектеп формасымен келуін қадағалау ата-аналарға тапсырылды.Оқушы жинақы,қарапайым киінуі қажет.Жалпы мектепте барлық оқушыларға оқу жылы соңында ескертілген. Барлық оқушылар мектеп формасымен қамтылған. Оқушыларды оқулықпен қамтылуда жаңартылған білім мазмұны бойынша жаңа оқулықтармен толық қамтылды. Ата-аналарға кітапханашы Г.Исатаева ата-аналарға,сынып жетекшілерге оқулықты күтіп,таза ұстауын ескертті. «Мектептің жаңа оқу жылына дайындығы туралы» мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары: С.Білдебаева есеп берді..Мектеп толық ақталып сырланды. Дәліздерге ауданнан сыр , әк бөлінді .Сынып бөлмелері ақталып сырланды.Мектеп түгелдей жаңа 2018-2019 оқу жылына толықтай дайын,талапқа сай. екендігін хабарлады.