"Өзіңізді және жақындарыңызды коронавирустан қорғау үшін нені білуіңіз керек?"тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Өзіңізді және жақындарыңызды коронавирустан қорғау үшін нені білуіңіз керек?"тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
15
шілде
2020

"Өзіңізді және жақындарыңызды коронавирустан қорғау үшін нені білуіңіз керек?"тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Саттар Естемесов  атындағы шағын орталықты орта мектебінің ата-аналары мен оқушыларына чат арқылы"Өзіңізді және жақындарыңызды коронавирустан қорғау үшін нені білуіңіз керек?"тақырыбында
вирустың берілу жолдары, симптомдары, жұқтырып алуға күмән болған жағдайда іс-әрекет алгоритмі, алдын алу, өзіндік қорғану әдістері туралы толық мағлұмат беріліп,сақтану жолдары туралы жадынамалар тарату арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сақтану ережелері
ДДҰ-ның халықты аурудан сақтау үшін құрған кеңестер тізіміне сәйкес, төмендегі ережелерді қадағалаған жөн:

— Қолды жиі сабындап жуу немесе құрамында антисептикпен сүрту. Резеңке қолғаптарда вирус болуы мүмкін. Сондықтан оған сеніп қалмау керек;

— Қоғамдық жерлерде басқалардан кемі бір метр ара қашықты сақтау керек. Жөтеліп не түшкіріп тұрған науқастан вирус өте кішкентай тамшылар арқылы тарайды.

— Көз, мұрын мен ауызды ұстамаған жөн;

— Қол алысудан бас тарту қажет;

— Распироторлық гигиена ережелерін сақтау: түшкірген не жөтелген кезде ауыз бен мұрынды шынтақты бүгіп не қағазбен жабу керек. Кейін қолды антисептикпен тазалап, қолданылған қағазды қоқыс жәшігіне тастаған абзал;

— Дене қызуы көтерілсе, жөтел пайда болып, тыныс жолдары тарылса, дәрігерге қаралыңыз.

COVID-19 туралы негізгі ақпаратты, аурудың белгілерін, асқынуларын, оның қалай берілетіндігі және оны басқаларға таралуын қалай тоқтату керектігін түсіну керек. COVID-19 туралы ЮНИСЕФ, ДДСҰ және Денсаулық сақтау министрлігі сияқты сенімді көздерден хабардар болып отырыңыз. Адамдар интернетте бөліскен жалған жаңалықтар мен ақпараттар мен мифтерден сақ болыңыз. Денсаулыққа байланысты дағдарыс кезіндегі дезинформация адамдарды вирустың әсеріне әлсіз және осал етеді. Бұл паранойяның таралуына, қорқыныш пен стигматизацияға әкелуі мүмкін.
Сондықтан, біз сіздерді COVID-19 туралы қате немесе жалған ақпаратпен күресуге көмектесуді сұраймыз. Бұл ақпаратты отбасыңызбен, достарыңызбен және әріптестеріңізбен бөлісу арқылы адамдардың COVID-19 туралы нақты фактілерді біліп, денсаулығын сақтап қалуға өз үлесіңізді қоса аласыз.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалған ақпарат таратқаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғандығын естен шығармайық.