«Сенім телефоны» туралы мәлімет
Саттар Естемесов атындағы орта мектебінде 2021 -2022 оқу жылы бойынша 1-11 сынып оқушылары мен ата-аналар чатына жіберілген «Сенім телефоны» туралы мәлімет
Күні: 6.09.2021ж
Мақсаты : Отбасындағы және зорлық-зомбылықты анықтау, жасөспірімдер арасында суицидтің алдын-алу, кәмелетке толмаған балалардың ерте жүктілігі жағдайында көмек көрсету, жасөспірімдердің девианттық мінез-құлқының алдын алу мақсатында карантин талаптарын сақтай отрып қашықтықтан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
6 қыркүйек күні мектеп психологы: А.Секербекова тарапынан презентация жасалып, мектептің фейсбук парақшасына салынды. 1-11 сынып оқушыларына және ата-аналар чатына «Сенім телефоны» туралы мәлімет беріліп, сенім телефоны арқылы балаларға көрсетілетін жедел көмек желісінде балалардың пікірлері болса, бір қиындыққа ұрынса және білетінімен бөліскісі келсе хабарласу қажет екені айтылып өтті. Себебі бүгінгі балалардың заманға сай қиындықтары да көп, талаптары да бар.
Сенім телефоны отбасындағы мәселелерін ұсыныстармен жабдықтау, балалары дағдарыстық жағдайға душар болған ата-аналарға көмек көрсетіліп, тығыз байланысты болу керек. Мінез-құлық мәселелерін шешуге, әлеуметтік қолдау табуға, өзін-өзі бағалауын көтеруге, өз жеке тұлғасына қалыпты қатынасы бойынша оқушылар және ата-аналарымен тығыз қарым-қатынаста болу қажет.
Педагог-психолог: Секербекова А.А