30
тамыз
2020
ZOOM платформасында ұйымдастырылған ата - аналар жиналысы
Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінің директоры Е.Абдикеримовтың ұйымдастыруымен 2020 жылдың 30 қыркүйегінде қашықтықтан онлайн оқытудағы туындаған проблемаларды анықтау мақсатында "Zoom" бағдарламасы арқылы ата - аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. Онлайн оқытуда оқушылардың сабаққа қатысуы
2. Кезекші сыныптар арасында санитарлық талаптардың сақталуы
3. Аз қамтылған, көпбалалы, жетім және мұқтаж балалардың ақпараттық техникалармен қамтамасыз етілуі (компьютер, моноблок, планшет)
Ата - аналармен жиналыста оқушылардың сабаққа дайындығы мен сабаққа жүйелі қатысуы және бос уақытында балалардың өмір қауіпсіздігі туралы талқыланып, жиын соңында ата - аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
