Қамқоршылық кеңес отырысының алдында мектеп директорының есеп беру № 6 ХАТТАМАСЫ » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңес отырысының алдында мектеп директорының есеп беру № 6 ХАТТАМАСЫ
28
мамыр
2020

Қамқоршылық кеңес отырысының алдында мектеп директорының есеп беру № 6 ХАТТАМАСЫ

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
 «Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі»
 коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 жанындағы қамқоршылық кеңес отырысының алдында
 мектеп директорының есеп беру
 № 6 ХАТТАМАСЫ
 Күн тәртібінде:
 
 
 Көкқайнар ауылы 26.05.2020 жыл
 
 Қатысқандар: кеңес мүшелері, мектеп директоры, әр сыныптың ата-аналар комитетінің төрағалары мен төрайымдары
 
 Күн тәртібінде:
 
 1.2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстары бойынша мектеп директорының есебі. (Е.Абдикеримов)
 
 Тыңдалды:
 1. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Е.Абдикеримов сөзінде мектепте 345 оқушы білім алады. Олардың жекелеген санаттағы 34 бала тегін ыстық тамақпен және тегін оқулықтарымен қамтылды. Құрамында 5 адамнан тұратын бракераж комиссия мүшелері әзірленген тегін ыстық тамақтың сапасын және мөлшерін күнде бақылауға алып отырды.
 2019 жыл 03.07. – 30.09. аралығында мектепте өткізілген «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Жекелеген санаттағы және көп балалы отбасыларынан шыққан балаларды қажетті көмекпен қамтамасыз ету үшін демеушілер  тарту жұмыстары жүргізілді. Өткізілген жұмыстарының нәтижесінде балаларға мектеп әкімшілігі, ауыл әкімшілігі, мектеп мұғалімдері, ауыл тұрғындары 92000 теңге көлемінде көмек көрсетілгенін айтып кетті.
 
 Әлемде болып жатқан пандемияға байланысты наурыз айының 16- жұлдызынан төтенше жағдай және карантин жарияланғаны баршамызға мәлім.Талапқа сай мектеп ұжымы және оқушылар қашықтықта жұмыс атқарды. ІV-тоқсан 6 - сәуірден басталып, балаларға қашықтықта сабақ жүргізілді. Жекелеген санаттағы балалардың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, 18 отбасындағы 31 бала компьютермен қамтылды. Барлық мұғалімдер сабақтарын бекітілген сабақ кестесі, күнтізбелік сабақ жоспары және талапқа сай бекітілген БЖБ және ТЖБ жұмыстарын уақытында қашықтықта орындап отырды.Сонымен қатар, мектеп ұстаздары мен оқушылары ұйымдастырылған онлайн пән олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарға иеленіп, дипломдармен марапатталды. KZ күнделігінде уақытында толтырып отырғандарын айтып кетті Бекітілген мектептің жылдық жоспары бойынша Zoom платформасы арқылы педагогикалық кеңес, мектеп директорының жанындағы отырыс және конференциялар өткізілді.
 Мектепте үш мәрте залалсыздандыру жұмыстары өткізілді. Сонымен қатар, қауіпсіздікті сақтау үшін АББ-нің тарапынан залалсыздандыруға қажет етілген заттар берілді.
 Биылғы мектеп түлектеріне мектеп бітіру туралы атттестаттарын тапсыру рәсімі 03.- 04.06. күндері өткізілетінін және оқушыларды, олардың ата-аналарын «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» мектеп бітіру іс-шараларын өткізу тұжырымдамасымен таныстырып, маскалық режимді міндетті түрде қамтамасыз ету және қашықтықты сақтау керек екендігін айтып, түсіндіру жұмыстары өткізілгенін айтып кетті.
 Сонымен қатар, Ж.Әбенов өз сөзінде мектепте өткізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуына жақын қалғанын мәлімдеді. Жекелеген санаттағы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары атқарылып, сыртқы сауықтыру лагеріне стандарттың талаптарына сай құжаттары әзірленіп, оқушылардың тізімі дайын екендігін айтып өтті.
 
 Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі жанындағы қамқоршылық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе
 
 ШЕШІМ ЕТЕДІ :
 
 1.2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстары бойынша мектеп директорының есебі «қанағаттанарлық» деп табылсын.