Қамқоршылық кеңес алдында мектеп директорының есебі № 3 ХАТТАМАСЫ » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңес алдында мектеп директорының есебі № 3 ХАТТАМАСЫ
20
қараша
2019

Қамқоршылық кеңес алдында мектеп директорының есебі № 3 ХАТТАМАСЫ

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
 «Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі»
 коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 жанындағы қамқоршылық кеңес алдында
 мектеп директорының есебі
 № 3 ХАТТАМАСЫ
 Көкқайнар  ауылы 18.11.2019 жыл
 
 Қатысқандар: кеңес мүшелері, мектеп директоры
 
 
 Күн тәртібінде:
 
 1.2019-2020 оқу жылының І-жарты жылдығында атқарылған жұмыстары бойынша мектеп директорының есебі. (Е.Абдикеримов)
 
 Тыңдалды:
 1.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Е.Абдикеримов сөзінде мектепте 345 оқушы білім алады.Олардың жекелеген санаттағы 29 бала тегін ыстық тамақпен және тегін оқулықтарымен қамтылды. Асханада әкімшілік және мұғалімдер тарапынан кезекшілік, тамақ ішетін кестесі ұйымдастырылған. Асханаға әкелетін азық-түліктің және әзірленген тегін ыстық тамақтың сапасын бақылау үшін құрамында 5 адамнан тұратын бракераж тобы құрылған. Тамақтың сапасы мен мөлшері күнде бақылауға алынған.
 03.07. – 30.09. аралығында мектепте өткізілген «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Жекелеген санаттағы және көп балалы отбасыларынан шыққан балаларды қажетті көмекпен қамтамасыз ету үшін мердігерлерді тарту жұмыстары жүргізілді. Өткізілген жұмыстарының нәтижесінде балаларға мектеп мектеп әкімшілігі, ауыл әкімшілігі, мектеп мұғалімдері, ауыл тұрғындары 92000 теңге көлемінде көмек көрсетілгенін айтып кетті.
 
 Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі жанындағы қамқоршылық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе
 
 
 ШЕШІМ ЕТЕДІ :
 
 1.2019-2020 оқу жылының І-жартыжылдығында атқарылған жұмыстары бойынша мектеп директорының есебі «қанағаттанарлық» деп табылсын.