Қамқоршылық кеңес отырысының №1 Хаттамасы » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
тамыз
2019

Қамқоршылық кеңес отырысының №1 Хаттамасы

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
 «Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі»
 коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 жанындағы қамқоршылық кеңес отырысының
 № 1 ХАТТАМАСЫ
 
 Көкқайнар ауылы 28.08.2019 жыл
 
 Қатысқандар: кеңес мүшелері, мектеп директоры
 
 Күн тәртібінде
 
 1.«Мектепке жол» республикалық қамқорлық акциясы аясында жекелеген санаттағы балаларға қажетті көмегін ұйымдастыру
 2. Мектептің 2019 – 2020 жаңа оқу жылына дайындығын анықтау
 3. Жаңа оқу жылының сабақ кестесін бекіту
 Тыңдалды:
 1.1.Бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес мүшесі Муриева Дамира жылда «Мектепке жол» республикалық қамқорлық акциясы 2 ай өтетін.Биыл 2019 жыл 03.07. – 30.09. аралығында 3 ай өтетінін ескертті.Акциясы барысында жекелеген санаттағы балаларға осы қамқоршылық кеңесінің мүшесі Секербеков Жандос 3 бала,Амангелдиев Сәрсенбек 2 бала, мектеп директоры 2 баланы мектеп формасы және спорттық киімдерімен қамтығанын айтты. Сонымен қатар, акция жалғасын табуда.Қалған қамқоршылық кеңес мүшелерін қамқорлық жасауға шақырды.
 2.2.Екінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы Н.Бексұлтанов сөзінде мектепте күрделі жөндеу жұмыстары желтоқсан айының 1 жұлдызына дейін басталғандықтан мектептің жарты бөлігі жабылып , екінші бөлігінде оқушылар оқитыны туралы айтты. Күрделі жөндеу жұмыстарының барысы қамқоршылық кеңестің бақылауында болатынын ескертті.
 3.3.Үшінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы Е.Әбдіқалықов жаңа оқу жылының сабақ кестесін бекітті.
 
 Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі жанындағы қамқоршылық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе
 
 
 ШЕШІМ ЕТЕДІ :
 1.«Мектепке жол» республикалық қамқорлық акциясы өз дәрежесінде өтуін қадағалау.
 2.Мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының өтілуі назарға алынсын.
 3.Жаңа оқу жылының сабақ кестесі талапқа сай іске асырылсын.