Тамақтан уланудың алдын алу жолдары » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
қазан
2023

Тамақтан уланудың алдын алу жолдары


Тамақтан уланудың тойтарылмас себептері болуы мүмкін, сондықтан азық-түліктерді сатып алғанда, сақтаған кезде және дайындаған мезетте алдын алу шараларын орындау қажет. Тамақтан улану мәселесі әсіресе, жыл мезгілінің жылы уақыттарында маңызды болып саналады. Жазда азық-түлік өнімдерінің ластануына үлкен қауіп бар. Себебі, шыбын-шіркейлер молаяды, олар микробтарды тасушылар болып саналады және күннің ысуы тағы басқа да факторлар бар. Сонымен қатар осы кезде біз көптеген уақытымызды далада өткіземіз және далада тамақтанамыз. Есік тұтқаларын, ақшаны жалпы қоғамдық көліктердің тұтқаларын ұстаған кезде біздің қолымызға қаншама микробтар жұғатынын ойлап көріңізші. Кейде біз тамақ ішер және дайындар алдында қолымызды жууды ұмытып кетеміз. Тамақтан уланудың тағы бір себебептері – тамақты дұрыс температурада сақтамау, дұрыс жылытпау немесе бүлінген тамақтың келесі тамақты ластауы жатады. Осылай тамақты дұрыс дайындамау және сақтамау тамақ арқылы берілетін тамақтан уланудың себебі болуы мүмкін. Тамақтан уланудың сипаттары жеңіл және ауыр жағдайда тамақты қолданғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін немесе тура болуы мүмкін. Ондай жағдай 24 сағаттан 5 тәулікке дейін жалғасады. Тамақтан уланудың сипаттары: жүрек айну, құсу, бас ауру, іштің өтуі және асқазанның батып ауыруы.