физика және информатика пәндер айлығы » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
қаңтар
2018

физика және информатика пәндер айлығы

Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектеп

2017-2018 оқу жылында 9-31 қаңтар аралығында математика, физика және информатика пәндер айлығында өткізілген іс-шаралар өткізілді.

9-31 қаңтар аралығында математика, физика және информатика пәндер айлығы болып өтті. Айлықтағы жоспар бойынша барлық іс-шаралар өткізілді. Әр сынып қабырға газеттерін, сөзжұмбақтар, ребустар жасап ілді.

 

 

физика және информатика пәндер айлығы

 

физика және информатика пәндер айлығы

 

физика және информатика пәндер айлығы

 

 
 
 

10 қаңтар күні 8"а" сыныпта  математика пәнінен Торибаева Тазагүл

 «Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулері» атты ашық сабағын  өткізді. 8"а" сыныптың оқушылары 3 топқа бөлініп жарысты. Сайыс 6 турдан тұрды. Әр турда қызықты тапсырмалар бере отырып сайысты қызықты өткізді.

 

 

 

 

 

физика және информатика пәндер айлығы

 

 

12 қаңтар күні 5"а" мен 5"ә" сынып оқушылар арасында математика пәнінен Әлібай Мөлдір «Қызықты шырпылар» атты ойын сабақ өткізді. Ойын  5 бөлімнен тұрды. Оқушылар І топ 5"а" сыныбы «Тапқырлар» , ІІ топ 5"ә" сыныбы «Алғырлар» болып екі топқа бөлінді. Оқушылар  шырпыларды құрастыру арқылы және оларды жылжыту арқылы берілген тапсырмаларды өте жақсы орындады.

 

Нәтижесінде 5"а" сынып оқушылары жеңімпаз болды.

 

 

 

физика және информатика пәндер айлығы

 

 

Тәжірибе жұмыстарын жасаған кезде оқушылардың физика пәнін жақсы меңгергені көрініп тұрды.
16 қаңтар күні 9"а","ә" сыныптар арасында информатика пәнінен Байшығашева  Мияткүл «жұлдызды сәт» атты сайыс сабағын өткізді. Сайыс 4 бөлімнен тұрды. Әр бөлімде оқушылар өз білімдерін дәлелдеді. Сайыс тартысты өтті. Әсіресе «Кім жүйрік» топ басшылар сайысында Нұрила мен Алинұр  қойылған сұрақтарға бір-бірімен таласа отырып жауап берді.
Сайыс 50 ұпаймен тең дәрежеде аяқталды.

 

 

 

 

физика және информатика пәндер айлығы

 

 

 
19 қаңтар күні 8"ә" сынып оқушылары мен  Торибаев Жұбандық  «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» атты ашық сабақ өткізді. Ойын 4 турдан тұрды. Әр турға  оқушылар  белсене қатысып отырды. Тәжірибе жұмыстарын жасаған кезде оқушылардың физика пәнін жақсы меңгергені көрініп тұрды.
Сабақ өте қызық әрі  
өте тартысты өтті.

 

 

физика және информатика пәндер айлығы

 

 

 

 

22 қаңтар күні 10,11 сыныптар арасында математика  пәнінен Торибаева  Тазагүл «Математикалық марафон» атты сайыс сабағын өткізді. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. 1 кезең бойынша әр топ өз топтарын, өз топтарының төсбелгілерін таныстырды. «Ғажайып ұяшық» кезеңінде сұрақтар әр саладан келседе, оқушылар өз білімдерін жан-жақты дәлелдеді. 6 кезеңде топ басшылары    өз ойларын жақсы жеткізе білді. Әсіресе Байрақ Шерхан  барлық кезеңдерде, өз ойын тиянақты жеткізе білді.

 

 

 

физика және информатика пәндер айлығы

 

 


23 қаңтар күні 9"а",9"ә" сынып оқушылары арасында Әлібай Мөлдір  «Математикалық тартыс»  атты сайыссабағын өткізді. Әр сынып өзінің  белсенділігін танытты. Әсіресе   9"ә" сынып оқушылары Қожан Алтынай, Әлдибай Нұрсерік, 9"а" сынып оқушылары  Жұлдыз, Кеңес Ақнұр  берген жауаптары  анық және нақты болды. Сайыс соңында 9ә сынып оқушылары жеңіске жетті. Сабақ  өз дәрежесінде өтті.

 

 

 

физика және информатика пәндер айлығы

 


 

24 қаңтар күні 11 сынып оқушылары арасында информатика пәнінен Байшығашева Мияткүл «ғаламдық желі» атты дебат өткізді. Дебатта     «Ғаламдық желінің пайдасы және зияны» жайлы   «Жас қырандар»,     «Ақпарат» топтары  өз пікірін айтып дәлелдеді.11 сынып оқушысы Момбек Інжу осы тақырыпқа байланысты өз өлең жолдарын оқып беріп бізді таң қалдырды. «Жас қырандар» тобы соңында   жеңіске жетті.

 

  

 

 

физика және информатика пәндер айлығы

 

31 қаңтар күні   өткізілген іс-шаралар бойынша белсене қатысып, жеңіске жеткен оқушылар марапатталды.

 

 

физика және информатика пәндер айлығы

 

 

физика және информатика пәндер айлығы