«Тәуелсіздік тұғырым» атты танымдық кеші » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
желтоқсан
2018

«Тәуелсіздік тұғырым» атты танымдық кеші

Cаттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінде

2018-2019 оқу жылында «Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінде «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай онкүндік өткізілді.Барлық сыныптарда «Тәуелсіздік» бұрышы ұйымдастырылды.1-11 сыныптар аралығында «Тәуелсіздік» тақырыбында ашық сынып сағаттары өткізілді.Сынып жетекшілері Досқараева Б,Алипбаева Нилдибаева Б,Бекболатова Г,Бейсенбаева Ж жоғары деңгейде сынып сағаттарын өткізді. 9 сынып жетекшісі Секербекова А«Тәуелсіздік-тағдырым» атты танымдық кеш өткізді. «Балапан»шағын орталығындағы бүлдіршіндерімен «Бала тілі-бал» атты өлеңді мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды.5-11 сынып оқушылары арасында «Қазақстан-тәуелсіз мемлекет» тақырыбында эссе жазылды. Эссе жазуда 6 сынып оқушысы Жақсыбекқызы Анар,7 сынып оқушысы Қожан Аяжан 1 орынды иеленді.10 желтоқсан күні 5-11 сынып оқушылары арасында тәуелсіздік,туған жер тақырыбында өлең оқу байқауы өтіп,1 орынды 4 «а» сынып оқушысы Байрақ Мадина,7 сынып оқушысы Сегізбаева Ұлдана ,10 сынып оқушысы Қапар Нурила иеленді.13 желтоқсан күні 5-11 сыныптар аралығында қазақ күйіне қойылған би «Тәуелсіз елдің баласы» тақырыбында өтіп,1 орынды 7 сынып оқушылары иеленді.13 желтоқсан күні «Батырлар жыры» байқауы өтті.Әр сыныптан ұл балалар қамтылды. Қазақ батырлары туралы жыр оқуда 9 сынып оқушысы Сүйерхан Ақниет «Қамбар батыр» жырынан үзіндісі 1 орынды иеленді.Оқушыларға мектептің акт залында «Тәуелсіздік» туралы бейнебаяндар көрсетілді. «Атамекен –ақ мекен» атты патриоттық ән байқауы өткізілді.1 орынды 7 сынып оқушысы Ержан Заңғар «Қазақ жігіттері» әнімен,2 орынды 9 «ә» сынып оқушысы Кеңес Әсет «Қара бауыр қасқалдақ»,9 «а» сынып оқушарының орындауындағы «Желтоқсан желі» әндері үздік болып танылды.15 желтоқсан күні салтанатты жиын өткізілді. Оқушылар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды.«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанаты өткізілді.Салтанатты жиында «Тәуелсіздік –тағдырым» онкүндігіне белсене қатысқан мұғалімдер, сынып жетекшілер және оқушылар «Алғыс хатпен» марапатталды.

 «Тәуелсіздік тұғырым» атты танымдық кеші

 

 «Тәуелсіздік тұғырым» атты танымдық кеші

 

 «Тәуелсіздік тұғырым» атты танымдық кеші

 

 «Тәуелсіздік тұғырым» атты танымдық кеші