Судағы қауіпсіздікті сақтау ережесі . » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
маусым
2023

Судағы қауіпсіздікті сақтау ережесі .

Шу ауданы білім бөлімінің, Саттар Естемесов атындағы орта мектебінде балалардың  жазғы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау  мақсатында «Судағы қауіпсіздікті сақтау ережесі »тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты:  қауіпті жағдайда өз өмірін сақтап қалуға және қасындағы адамдарға көмек көрсете білуге, жанашырлық пен табандылыққа баулу; Балалардың  табиғат апаты жағдайында болатын қауіпсіздік шаралары туралы ой- өрісін кеңейту, білімін дамытып тереңдету
Су – адам үшін қауіпті апат. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар.  Әдетте, жүзе алмайтын балалар  белден жоғары келетін, судың терең жеріне бара бермейді, сондықтан  суда жүзе алмайтын балалар емес, өзін жақсы жүзе аламын деп санайтын балалар судағы қайғылы жағдайларға ұшырап жатады.Балалардың жарақаттануы мен оқыс жағдайға тап болуының негізгі себебі ата-аналардың балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлмеуі болып табылады.Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!!!