"Қарақұмықтың құрамындағы витаминдер" лекция
Қарақұмық жармасы - бірнеше сұрыпқа ие және олардың атаулары әр түрлі, сыртқы түріне және қолдануына қарай:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Қарақұмық дәні — ірі, жарма. Бытырап пісетін ботқа үшін дайындалады, жұмыртқа және пиязбен беріледі.
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> Буквица — қарақұмық дәнінің оңтүстік орыстардағы, Украина, әсіресе Батыс Украина облыстарындағы атауы.
<!-- [if !supportLists] --> 3. <!-- [endif] --> Велигорна — майда, бүтін, кейде қарақұмық жармасы. Атауы XVIII ғ-да Литвада, Польшада, Беларусьта және солармен көршілес жатқан Ресей облыстарында пайда болды.
<!-- [if !supportLists] --> 4. <!-- [endif] --> Смолендік жарма — майда қарақұмық ботқасы. Пирог салмасына қолданылатын сүттегі тәтті және жартылай тәтті ботқа.
<!-- [if !supportLists] --> 5. <!-- [endif] --> Продел — жармаланған қарақұмық жармасы немесе велигорка қалдығы және сүттегі жартылай тәтті ботқа. Тұтқыр ботқаны дайындауда қолданылады. Қарақұмық ұнына балаларға пайдалы сүт, қант, витаминдер араласқан. Жұқа қүймақ дайындауға да қолданылады.[1]
Қарақұмық жармасын буланған немесе буланбаған қарақұмық дәнінен алады. Құрамында жеңіл сіңетін белоктар, крахмал мол болады. Қарақұмық майы басқа жармалардың майымен салыстырғанда сақтауға төзімді келеді. Қарақұмық жармасының белоктары басқа қосылыстармен алмастыруға болмайтын амин қышқылдарына бай. Қарақұмық 18 таптырмас аминқышқылдардан тұрады. Олар: темір,кальций,калий,фосфор,мыс,йод,цинк,бор,фтор,молибден, кобальт сонымен қоса, В1,В2,В9,Е витаминдері. Заттектердің алмасуына(обмен веществ) әсер ете отырып, қарақұмық артық салмақтың азаюына ықпал етеді. Қарақұмық жармасы майдың пайда болу үрдісіне жатпайтын ақуыздарға(белки) және пайдалы көмірсуларға бай. Қарақұмықтың құрамына кіретін ақуыздың ерекшелігі, олар көп мөлшерде таптырмас аминқышқылдардан тұруы. Бұл осы жарманы ақуыз құрамы бойынша етпен салыстратын құнды азық-түлік өнімі ретінде көрсетеді. Ал таптырмас аминқышқылдар құрамы бойынша қарақұмық бұршақты дақылдарға тен:бұршақ(бобы),асбұршақ(горох) және үрме бұршақ (фасоль). Қарақұмық құрамына кіретін ақуыздар ағзаның радиоактивті заттардан тазаруына ықпал етеді. Қарақұмық астың қорытылуына жақсы әсер ететін органикалық қышқылдар жиынтығынан тұрады. Сондай-ақ, осы жарманың түрі атеросклероз,гипертония,жүрек-тамыр және сусамыр аурулары кезінде ұсынылады.



