Спортпен айналысудың денсаулыққа тигізер пайдасы
Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінің түлегі Мәнсүрбек Алдияр Кенжебайұлы өз мектебіне келіп оқушыларға спортпен айналысу денсаулыққа тигізер пайдасы туралы үгіт-насихат жұмысын жүргізді.Қазіргі таңда Алдияр Кенжебайұлы «ALDIAR FIGHT CLUB» ашып, жасөспірімдердің жаттықтырушысы болып еңбек етуде. Мансүрбек Алдияр 61 кг.172 жекпе-жек өткізіп, оның 152 - сінде жеңіске жеткен. Жамбыл облысы, Шу қаласы, «Тарлан» спорт кешені «ALDIAR FIGHT CLUB» ұйымдастырумен аралас жекпе-жек спорт түрінен жасөспірімдер мен балалар және ерлер арасында «ALDIAR FIGHT CLUB» -ның ашылуының біріншілігінде оқушылар өз өнерін көрсетті.
Қазіргі таңда өзі баптаған Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінің 4 «а» сынып оқушысы Момбек Нұртолған I орын иеленіп, белбеу ұтып алса, 5 «ә» оқушысы Болатхан Ислам және 2 «а» Болатхан Нұрәлі II орынды иеленді.

