ХХІ ғасыр көшбасшысы
29.01.2019 күні Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінде 8,9,10,11 сыныптар арасында «субдоку» ойыны үлкен үзіліс, уақытында өткізілді.Оқушылардың бұл ойынға деген қызығушылығы өте жоғары дәрежеде екені байқалды. 8-9 сыныптарға орташа деңгейде, 10-11 сыныптарға жоғары деңгейдегі тапсырмалар берілді. Бұл ойында 8-ші және 10-шы сынып оқушылары үздік көрсеткіш көрсетті.
Сағат 15°°-де 9-10 сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуалды ойыны өтті. Бұл ойын оқушылардың ойларын шыңдап, логикалық қабілетін арттыру мақсатында өткізілді. Ойын 5 кезеңнен тұрды:Бәйге,Тіл өнері, Жорға,Тікелей сұрақ, жасырын ұяшық.
Бас жүлдені 11 сынып оқушысы А.Рысбек, І орын 9 сынып оқушысы А.Бұтабай, ІІ орын 10 сынып оқушысы Н.Қапар, ІІІ орын 10 сынып оқушысы Ә.Кеңес иеленді.



