«Электрондық форматтағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша» » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Электрондық форматтағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша»
22
сәуір
2021

«Электрондық форматтағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша»

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Көкқайнар ауылы Саттар Естемесов атындағы орта мектебінде 21.04.2021 жылы «Электрондық форматтағы  Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша»  11 сынып білім алушыларының ата – аналарымен  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Абдиханқызы жиналыс өткізді. 
Ата – аналарға Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу мерзімі, өтініштерді қабылдау, тіркелу және мүмкіндіктері   2 кезеңде: 15 – 30 сәуір (1 – мүмкіндік), 1 мамыр – 29 маусым (2- мүмкіндік) өтетіндігі туралы түсіндірілді.  Тестілеу күндерінің барлық диапазондарынан тест тапсыру күнін таңдау (25.04-30.06) қолжетімділігі айтылып, сондай – ақ  ЖОО – ға түсу үшін қадамдық бағдарламасы таныстырылды. Толық және қысқартылған оқу нысанына тапсыратындар үшін ҰБТ тапсырмалар саны мен ұпайлары, бейіндік пәндер комбинацияларына талдама жасалды. ҰБТ уақытында 2  және  15 минуттық  үзіліс берілетіні ескертілді. Апелляцияға  тест тапсырмаларының  мазмұны бойынша өтініш тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут аралығында берілетіні ескертілді. ҰБТ – дағы тыйым салынған заттарды пайдалануға рұқсат етілмейтіні және тәртіп бұзған жағдайда грант тағайындау конкурсына қатысу құқығынан айырылатыны ескертіліп, түсіндіру жұмыстары жасалынды.