«Мектеп Парламенті» Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін және көшбасшыларын сайлау және ұлықтау рәсімі » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп Парламенті» Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін және көшбасшыларын сайлау және ұлықтау рәсімі
11
қыркүйек
2023

«Мектеп Парламенті» Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін және көшбасшыларын сайлау және ұлықтау рәсімі


Саттар Естемесов атындағы орта мектеп оқушыларының «Мектеп Парламенті» Өзін-өзі басқару ұйымының  Президентін және көшбасшыларын сайлау және ұлықтау рәсімі  2023жылғы 8 ші қыркүйек күні мектеп оқушыларының әлеуметтік және азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, өздерінің мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыруға тәрбиелеу мақсатында жас  ұрпаққа тәрбие беруге жағдай жасау, биік нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік тудыру, тәрбие жүйесінің жаңа моделін дамыту барысында мектепішілік белсенді оқушылардан «Мектеп Парламенті» ұйымы құрылып, «Президенттік» сайлауы және ұлықтау рәсімі Аға тәлімгер А.С Оспанованың ұйымдастыруымен өткізілді.                     
    Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауына 8-11қыркүйек күндері мектеп оқушыларының «Мектеп Парламенті»  Президенттігіне 8-10 сынып  оқушылары  өтініш білдіріп, оның ішінде 5 үміткер іріктелді. Президентікке үміткерлер сайлау алды үгіт насихаттады  мектеп оқушыларымен ашық кездесуде өз бағдарламаларымен ой бөлісті. Бүгінгі күнге дейін сайлау жалғасып 8-10 сынып оқушылары бюлетень арқылы дауыс беріп өз таңдауларын жасады. Сайлаудың қорытындысына сәйкес;
Мектеп  президенті 42 ұпай мен Жұмахан Аянат 
«Ұлан басы» Әділхан Мадина
1. Құқық және тәртіп фракциясы-Тоқаш Мәди Нүсіпқұл Жібек
2. Ақпарат фракциясы-Байрақ Мадина Райымбек Мөлдір
3. Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология)-Алтынбек Ақерке Әуес Аида
4. Спорт және салауатты өмір салты фракциясы-Қуанышбекқызы Айым Темір Иманғали
5. Экология және еңбек фракциясы-Ауғанбай Толғанай Момбек Нұрсая
6.Мәдениет және өнер фракциясы– Сегізбай Ұлдана Әділхан Мадина
7.Дебат қозғалысы фракциясы-Құрманқұл Арсен Әділхан Нұрайым Қожан Жансая 
8.Қамқорлық  (еріктілік) фракциясы-Бекбосын Рамазан Мұса Кәусар
    Ұлықтау рәсімінде мектеп директоры сөз алып, үміткерлерді өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі болуларымен құттықтап, алдағы істеріне табыс тіледі. 
   Мектеп Президенті Жұмахан Аянат  «Мектеп Парламенті» Президенті ретінде ант қабылдап барлығына сәттілік тіледі.