Кел Жаңа жыл Шуақты Шу жеріне!
Шу ауданы Әкімдігінің Білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылырының арасында аудан Әкімінің жаңа жылдық шыршасы болып өтті. Шыршаға ауданының оқушылары арасынан көп семиялы отбасынан шыққан және оқу озаты, үлгілі оқушыларынан таңдаулы 100 ден аса балалар қатынасты. Бұл атаулы жасыл шыршаға Шу ауданы әкімі Қайрат Досаев қатынасып құттықтау сөз сөйлеп балаларға сый – сыйапаттарын табыстады. Шыршаның қызықты өтуіне ат салысып кейіпкерлердің рөлін сомдаған Шу ауданы әкімдігінің білім беру мекемесінің мектеп оқушылары мен ұстаздары қатынасты. Олар шыршаның қызықты өтуін ұйымдастырып Ертегілер елінен Аяз ата мен ақша қар тағы да басқа кейіпкерлердің қатысуымен көріністер қойды. Шырша соңында балаларға дастархан жайылып тәті тағамдар берілді. Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінен екі оқушы қатысып сыйлықтар алып қайтты

