15
наурыз
2019
"Ел есінде- ер Саттар"
Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыдықова Жанат Қалдыбекқызының ұйымдастыруымен "Тағзым" күніне орай Саттар Естемесовтың 100 жылдық мерей тойына арналған "Ел есінде-ер Саттар" атты танымдық кеш өткізілді.Кеште батыр бабамыз Саттардың ерлігі туралы өлең, жырлар, қойылым қойылды.Кешке 7-11 сынып оқушылары, ауыл еңбек ардагерлері, батыр аналар және ата-аналар қатысты. Саттардың өмірі мен ерлігі жас ұрпақ жадында мәңгі қалатын үлгі екендігі және әрбір ауыл азаматы батырды мақтан етуді тиіс екендігі насихатталды.Кеште Ұлы Отан соғысы батыры Саттар Естемесовке тағзым жасалды. Жас жеткіншектер Отан, туған жер туралы патриоттық әндер шырқалды. Кеш соңында мектеп директоры Елдар Малікханұлы Абдикеримов, ардагерлер Доланбаев Бекбосын, Тойбаев Тілек оқушыларға, ұстаздарға алғыстарын білдірді.







