2020-2021 оқу жылында оқушыларға берілген көмек есебі » Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Саттар Естемесов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2020-2021 оқу жылында оқушыларға берілген көмек есебі
11
қаңтар
2021

2020-2021 оқу жылында оқушыларға берілген көмек есебі

Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінде

2020 – 2021 оқу жылының І – жарты жылдығында оқушыларға

берілген көмек есебі


2020  –  2021   оқу жылының қыркүйек  айынан бастап «Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі»  бойынша қамқоршылықтағы, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан 34 оқушы тізімге енгізілді. 

Көпбалалы отбасынан шыққан – 18 оқушы

Аз қамтылған отбасынан шыққан – 13 оқушы

Қамқорлықтағы – 3 оқушы

Қазан – қараша айларында «Жалпыға бірдей міндетті білім беру» қорынан бюджет есебінен қамқорлықтағы, аз қамтылған,көп балалы отбасынан шыққан 34 оқушыға  25 000 жиырма бес) мың теңгеден шоттарына  ақша түсіп , ата – аналар түскен қаражатқа балаларына қыстық куртка, аяқ киім алынып берілді. Жалпы 34 оқушыға 850 000 (сегіз жүз елу) мың теңге бөлініп, толықтай игерілді.

Желтоқсан  айында Облыстық жаңа жыл шыршасына қатысу үшін сұраныс беріліп, қамқорлықтағы 7 сынып оқушысы  Әділхан Мадинаға Облыс әкімінің құттықтау хаты  мен  60 000 (алпыс мың) теңгелік  сертификат, тәтті сыйлық берілді. Берілген соммаға оқушыға қамқоршысы ұялы телефон алып берді.  

Аудандық әкім шыршасына қатысу үшін сұраныс беріліп,  аз қамтылған отбасынан шыққан Мереке Мадина 8 сынып, Айдарұлы Ерасыл 7 сынып оқушылары аудан әкімінің құттықтау хаты мен 15 000 (он бес мың) теңгелік сертификат, тәтті сыйлықтар берілді. Аталған соммаға Айдарұлы Ерасыл мен Мереке Мадинаға ата – анасы киім алып берді. 

Бюджет есебінен қамқорлықтағы,аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан 34 оқушыға жаңа жыл мерекесіне орай тәтті сыйлықтар таратылды.  

Қазіргі таңда мектеп оқушыларының қашықтықтан оқуына байланысты қамқорлықтағы, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға және оқуға мүмкіндіктері жоқ оқушыларға мектеп тарапынан 60 компьютер, 10 планшет, 22 роутер, 22 сим карта, 7 моноблок, 8 ноутбук  берілді.  Берілген компьютер, планшеттерді оқушылардың  дұрыс пайдалануын, сабаққа үнемі қатысуын мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, информатика пәнінің мұғалімі мен әлеуметтік педагог аптасына бір рет  қадағалап   тұрады. 

Мектебіміздің медбикесі Р.Ахметова қазіргі таңда қашықтықтан оқуымызға байланысты  ата – аналарға, оқушыларға тиімді тамақтану, дұрыс тамақтану туралы онлайн консультация беріп отырады.  «Тамақтың құрамы», «Дұрыс тамақтану», «Ас адамның арқауы», «Баланың тамақтануы»  тақырыптарында онлайн  дәріс оқыды. «Дұрыс тамақтану аурудан қорғап, өміріңді ұзартады», «Денің сау болсын десең», «Минералдар мен дәрумендердің ағзаға пайдасы», «Дәрумендер туралы білеміз бе?»   тақырыптарында  видеоролик   көрсетті.