ZOOM платформасында ұйымдастырылған ата - аналар жиналысы
Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінде ата – аналармен өткізілген жиналыс туралы анықтама
2020 – 2021 оқу жылының қыркүйек айынан бастап «Саттар Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі» бойынша қамқоршылықтағы, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан 34 оқушы тізімге енгізілді.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларының қашықтықтан оқуына байланысты ата – аналармен зум платформасы арқылы жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп директоры Е.Абдикеримов, оқу ісінің орынбасары Г.Абдиханқызы , әлеуметтік педагог К.Бағызбаева, сынып жетекшілер қатысты. Жиналыста мектеп директоры үйлерінде қашықтықтан оқуға жағдайлары жоқ ата – аналарға мектеп тарпынан компьютер, планшет, роутер берілетіндігі туралы айтып өтті. Компьютер, планшет, роутерлер қамқоршылықтағы оқушылар, толық емес отбасынан шыққан оқушылар, азқамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға мектеп тарапынан 60 компьютер, 10 планшет, 8 ноутбук, 22 роутер, 22 сим карта берілді. Көмек қажет ететін оқушыларға көмек берілді.

