Мейрімді жүрек – жылы тілек
Саттар
Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебі 4 ақпан күні «Мейрімді жүрек – жылы тілек» тақырыбында
психологиялық апталық ашылды. Апталықта мектеп психологы А.Секербекова
апталықтың жоспарымен таныстырып мейірімділік жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Апталықты мектеп оқушылары Флешмоб биімен ашты. Жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез құлықтыңалдын алуда психопрофилактикалық жұмыстарды жетілдіру«Мен өмірді сүйемін!» тақырыбында 5-11 сынып аралығында Тренинг
өткізілді.. «Баршаға бақыт тілейміз!»,
«Отбасым алтын діңгегім». «Мен өз
отбасыммен» тақырыптарында 8-10,5-7,3-4
эссе жазды. «Ашу дұшпан - ақыл дос» «Жақсы көңіл- күйге шақырамыз» тақырыптарында әлеуметтік
психологиялық тренингтер 5-7,1-4 сыныптарымен өткізді.

